952

Нұр-Сұлтанда «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы басталды

Елордада Алғыс айту күні мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық волонтерлер штабының мүшелері ардагерлер мен зейнеткерлердің хал-жағдайын біліп, азық-түлік себеттерін тапсырды.

Бірінші кезекте жастар Ұлы Отан соғысы ардагері Рауза Ширванованың шаңырағына барды. Семей қаласының тумасы Рауза Ахметқызы 1942 жылдың мамырында Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Содан бастап 1944 жылдың қыркүйегіне дейін №136 жеке байланыс ротасында радист, телеграфист болып қызмет етті. Одан кейін Чита қаласындағы Байкал жағалауындағы әскери округының штабына қарасты №245 авиация дивизиясына ауыстырылды. Сол жерден 1945 жылдың 2 желтоқсанында сержант шенінде әскери қызметтен босатылды.

Майдангер ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, Жапонияны жеңгені үшін және ерен еңбегі үшін медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ, И. Сталиннің алғыс хатын, Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен қалалық Ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасын алған.

 «Саулық» бағытындағы волонтерлер әжейдің қан қысымын өлшеп, денсаулығын тексерді.

«Ардагерлерге мың алғыс» акциясы шеңберінде Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетеміз. Үйлерін жинап, аулаларын тазалаймыз. Азық-түлік себеттерін тапсырамыз. Әр ардагерге бір-бір волонтерден бекітеміз. Акция бүгіннен бастап күн сайын жүретін болады. Бұл шараға демеушілерді тарттық», – деді елорданың Волонтерлер штабының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109