1590

Елордада «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына өтінім қабылдана бастады

Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы түлектерді «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бағдарлама жұмыссыз ретінде тіркелген соңғы 3 жыл ішіндегі ЖОО мен колледж түлектеріне бастапқы тәжірибе алу үшін арналған. Тәжірибеге қатысу үшін жұмыс іздеушінің жасы 29-дан аспауы тиіс. Дипломда алған мамандығы бойынша тәжірибеден өту мерзімі 6 айдан артық емес. Еңбекақы мөлшері 85 475 теңге, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын шегергенде 73 484 теңгені құрайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының 57-88-88 нөміріне хабарласу қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109