3262

Нұр-Сұлтанда Алғыс айту күніне арналған жиын өтті

Елордада Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен жастар қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара барысында Алғыс айту күнінің маңыздылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық қызметі, қазақстандық құндылықтар талқыланды.

«2016 жылдан бастап, осымен бесінші жыл қатарынан 1 наурыз – Алғыс айту күні болып аталып келеді. Бұл – заман талабы туындатқан қазақстандықтар үшін мәні зор мереке. Елбасы айтқандай, бақыт бағалай келгеннің басында тұрақтайды. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек барлық асулардан асамыз», - деді Жансейіт Түймебаев.

Шара барысында әртүрлі этнос өкілдері еліміздің түрлі салаларында еңбек етіп, экономикамыздың өрлеуіне ықпал етіп жатқандығы атап өтілді.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1 наурыз Алғыс айту күні болып белгіленген. Елбасы атап өткендей, Алғыс айту күні ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі деп атап өткен. Бұл бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген мейірімділік, достық пен сүйіспеншіліктің жарқын мерекесі болып саналады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында этносаралық және конфессияаралық татулықтың маңызын ерекше атап өтті. Бұл ретте, бұл біздің ортақ елімізге өзара көмек пен қолдау көрсете отырып, шынайы бірлігіміз бен достығымызды айқындайтын, өткен күнімізді еске алатын, жас ұрпаққа үлгі болатын жарқын мерекелердің бірі деп айтамыз», - дейді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Дөңгелек үстел барысында жұмысшы кәсіптердің, құқық қорғау органдарының, жастар ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі. Олар өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

Шара қолданбалы өнердің қайырымдылық жәрмеңкесімен аяқталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109