3623

Елордада теннистен «Nur-Sultan Spring Open 2020» турнирі өтеді

Халықаралық әйелдер күніне орай 7, 8 наурызда әуесқойлар арасында теннистен «Nur-Sultan Spring open 2020» дәстүрлі әйелдер және аралас жұптық турнир өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 Турнирді Қазақстан теннис Федерациясы мен Нұр-сұлтан әкімдігінің қолдауымен «BATYL» коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырады.

Шараның ашылу салтанаты жаңа Теннис орталығында өтеді. Дәстүрлі түрде турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан 100-ге жуық әуесқой теннисші, сондай-ақ Қазақстанның әуесқой теннисшілер рейтингісінің ондығына кіретін жақын және алыс шетелден келген спортшылар қатысады.

Жарысқа қатысуға W20+ категориясында 20 жасқа толмаған  ойыншылар, 35 жасқа дейін W35+ категориясына, 40 жасқа дейін MD40+ категориясына жіберіледі.

 Кәсіби ойыншы мәртебесі бар, ITF, ATP, WTA турнирлеріне қатысқан, теннистен спорттық дәрежесі бар қатысушылар жарысқа жіберілмейтіндігін айта кеткен жөн.

Еске салсақ, былтыр 24 қазанда Нұр-сұлтан қаласында Теннис орталығының салтанатты ашылуы өтті.  Қызыл лентаны кесу құрметі Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичке, сондай – ақ теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа берілді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109