4656

Алғыс айту күніне орай астаналық оқушылар бауырсақ таратты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының №84 мектеп-лицейінде Алғыс айту күніне орай «Қазақ халқына мың алғыс» мерекелік шарасы өтті. Оқушылар мен мұғалімдер көркем фильм, концерттік бағдарламаны тамашалап, шараны бауырсақ таратумен жалғастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шараға 700-ге жуық оқушы қатысты. Балалардың жартысы көркем фильм тамашаласа, екінші жартысы бауырсақ мерекесінде ұлттық тағамды үлестірді.

«Нұр-Сұлтан қаласының №84 мектеп-лицейі Елбасының ақ батасымен 2016 жылы ашылды. Содан бері біздің мектебімізде әртүрлі ұлттардың балалары оқып, тәрбие алып жатыр. Алғыс айту күні жарияланғаннан бастап білім ордасында әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Биыл балалар мен ата-аналарға бауырсақ мерекесін ұйымдастырып жатырмыз. Оқушылар көтеріңкі көңіл күйде үйінен әкелген бауырсақтарды үлестіруге білек сыбана кірісіп кетті. Осы ретте мен барлық оқушыларыма, олардың ата-аналарына, ұстаздар қауымына шексіз алғысымды білдіргім келеді», - деді №84 мектеп-лицейінің директоры Зәуре Жүсіпова. 

Оның айтуынша, білім ордасында қазақ балаларымен қатар, 49 өзге ұлт өкілі тәлім алады.

«Біздің мектепте әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары оқиды. Олардың жалпы саны – 49. Атап айтқанда, 4 бала – БАӘ азаматтары. Олардың барлығы қазақ сыныбында білім алуда. Одан бөлек, татар, корей, өзбек, украин, орыс, неміс және өзге де ұлт өкілдері бір үйдің баласындай мектебімізде тәлім алып жатыр», - деді мектеп директоры.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109