3198

Елордада инватакси машиналарының саны артты

Елордада инватакси көлігінің саны артып, мүмкіндігі шектеулі балаларға кресло-арба сыйға тартылды. Демеушілік қаражат есебінен 10 арнайы машина сатып алынды.

"Қайрат Боранбаев Советайұлы еліміздің жетекші меценаттарының бірі. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасауға көмектесіп, инватакси машинасын сатып алуға ниет білдірді. Бұл машиналар соңғы әлемдік стандарттарға сай жабдықталған және бейімделген",-деді "Алмалы" АА вице-президенті Бақыт Сапаров.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатысушыларды Алғыс күнімен құттықтап, ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау үшін қандай шаралар қабылданатынын атап өтті.

"Бүгінгі мерекеде біз қосымша арнайы машиналарға ие болып отырмыз, баршаңызды Алғыс күнімен құттықтаймын. Мемлекет ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөледі. Қала тұрғындарымен кездесу барысында олар арнайы машиналардың жұмысы туралы бірқатар мәселе айтты. Қайрат Советайұлына, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне және басқа да меценаттарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Соңғы уақытта инватаксидің саны екі есе өсті. 22-ден 46 арнайы машинаға дейін арттырдық. Алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, қажетті шаралар қабылдайтын боламыз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елордада ерекше қажеттілігі бар 27 мың адам тұрады, оның 5,5 мыңы балалар. Қалада екі оңалту орталығы салынады, қазір иппотерапиямен айналысуға арналған ат спорты кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қалалық аурухана базасында Тұңғыш Президент Қорымен бірлесе оңалту орталығы ашылады. Бұдан басқа, жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, емханалар сияқты әлеуметтік нысандар ашылады.

Елордада мүмкіндігі шектеулі адамдарға спортпен айналысу үшін білікті қызметкерлері бар заманауи екі спорт кешені ұсынылған: паралимпиадалық жаттығу орталығы және "Тарлан"мұз айдыны.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109