2635

Елордалық «Рухани жаңғыру» білім орталығында екікүндік семинар-тренинг жұмысы басталды

2020 жылға арналған жоспар бойынша «Рухани жаңғыру» білім орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын түсіндіру мақсатында 600 адамға курс ұйымдастырып, көшпелі дәріспен 5000 адамды қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көктемнің алғашқы күнінде «Рухани жаңғыру» білім орталығы екікүндік семинар-тренинг жұмысын өткізді. Спикер ретінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан шақырылып, «Алғыс айту күні – ұрпақты достық пен толеранттылыққа тәрбиелеу мерекесі» тақырыбында дәріс оқылды. Дәрістің мәні – ұрпақ тәрбиесіндегі алғыс айту мерекесінің түп мағынасына үңілу, ізгі қоғамды құруда рухани құндылықтардың маңызы мен адамның жан дүниесіндегі тазалық пен кемелдікті адамдар арасындағы риясыз қарым-қатынастың негізі ретінде қарастыру.

Сондай-ақ шара барысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Айкүміс Омарбекова «Рухани-адамгерішілік білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар аясында заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдері, психологиялық және педагогикалық қағидаттары мен шарттары қарастырылды.

Дәрістің екінші күні кәсіби коуч Әсел Мұратова «Эмоционалды интеллектіні тәрбие құралы ретінде пайдалану» тақырыбында тренинг өткізсе, философ, мәдениеттанушы Салтанат Әлімқұлова «Жаһандану процесі және ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында дәріс оқыды.

Еске салсақ, былтыр өткен 10 семинар-тренингке қаланың 32 колледжінің, 87 жалпы білім беру мекемелерінің, 11 қосымша білім беру, 95 балабақша және 17 мәдени нысандарының 250 қызметкері қатысты. Шара аясында 357 адамға елорданың сакралды нысандары бойынша экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар, қаланың орта және білім беру мекемелерінде 51 көшпелі-дәріс ұйымдастырылып, оған 4 050 адам қамтылды.

Сондай-ақ орталық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру үшін қала тұрғындарына арналған  «Парасат» оқырман клубы мен «Аманат» үйірмесінің кездесулерін апта сайын ұйымдастырады. Клуб жұмысы барысында зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өткізіледі. Одан бөлек, орталық мемлекеттің дамуына үлес қосып, «100 жаңа есімге» енген тұлғалардың жетістікке жету жолын насихаттау үшін кездесулер ұйымдастырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109