3699

«Астана Опера» театрының ұжымы наурыз айында көрермендерді қандай қойылымдармен қуантады?

Елордалық «Астана Опера» театрының сахнасында наурыз айының көктемгі мерекелер қатары опера және балет спектакльдерінің қойылымдарымен, қазақстандық классикалық өнер жұлдыздары қатысатын қызықты да тартымды концерттік бағдарламалармен ұсынылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

7 наурыз сағат 18.00-де театрдың Камералық залында танымал «Музыкалық қонақжай» топтамасынан «Махаббат әндері» мерекелік концерті өтеді. Тыңдармандарды «Астана Опера» опера солистері, хор әртістері мен оркестрінің орындауында Халықаралық әйелдер күніне арналған шоу күтуде. Нәзік жандылардың көктемгі мерекесіне арналған керемет тарту ретінде әлемдік опера классикасынан сезімге толы, лирикалық, тереңнен толғандыратын ариялар, сонымен қатар қазақ, орыс және неаполитан әндері мен романстары шырқалады.

8 наурыз сағат 18.00-де Үлкен зал сахнасында нәзік жанды арулардың назарына «Париж Құдай анасының соборы» балеті ұсынылмақ. ХХ ғасырдағы әйгілі балетмейстер Ролан Петидің бірегей хореографиясы, композитор Морис Жаррдың тамаша музыкасы, атақты париждік кутюрье Ив Сен-Лоранның көздің жауын алар костюмдері елордалық театрда орын алған премьерасынан-ақ осынау балетті көрермендердің ең сүйікті қойылымдарының бірі етті. Квазимодо – Бақтияр Адамжан, Эсмеральда – Әйгерім Бекетаева, Клод Фролло – Арман Уразов, Феб – Олжас Тарланов. «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі, балет әртістері, хоры және мимансы, қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев, бас хормейстер – Ержан Дәуітов. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова.

А.Жұбановтың туындылары, атап айтқанда, скрипка мен фортепианоға арналған «Ария», №1 және №5 тәжік билері, Виолончель мен фортепианоға арналған «Романс», «Би күйі», Ғ.Жұбанованың «Өтеді күндер» романсы, виолончель мен фортепианоға арналған «Мерекелік күй», «Токката» орындалатын болады. Сондай-ақ бағдарламада Ә.Мәмбетовтың шығармалары – фортепианоға арналған үш пьеса, «Атама» күйі, Флейта мен фортепианоға арналған төрт миниатюра, труба мен фортепианоға арналған Die Melodie fur Rose, скрипка, виолончель және фортепианоға арналған «Элегия» триосы (ата-ана құрметіне); К.Измаилованың – А.Жұбановтың «Қарлығаш» тақырыбына фантазиясы, «Сөзсіз ән», скрипка мен фортепианоға арналған «Аллегро», Ә.Мәмбетовке арнау ретінде флейта мен фортепианоға арналған «К свету» пьесасы, сондай-ақ Қаршыға Ахмедьяровтың «Ғазиза» күйі ұсынылған.

21, 22 және 23 наурызда сағат 18.00-де театрдың Үлкен залында ұлттық классика жауһары – Ғ.Мүсіреповтің либроттасына жазылған Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы сахналанады. Алғашқы қазақ операсы болған «Қыз Жібек» «Астана Опера» сахнасында қоюшы режиссер Михаил Панджавидзе мен қоюшы дирижер Абзал Мұхитдиннің жаңа редакциясында ұсынылған. Қазақстандық театр суретшілері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов жасаған керемет декорациялар, сәнді костюмдер қойылымда бейнепроекциялармен, 3D-технологиялармен толықтырылған. «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі, опера труппасы, хоры, балет әртістері, миманс және балалар студиясы. Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри, кеңесші – Асхат Маемиров, режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов, дирижер – Руслан Баймурзин, балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109