4137

Туристтерге ұнайтын елорданың көрнекті орындары

Биыл ақпанда «Астана Конвеншн Бюросы» ЖШС-мен қаланың негізгі көрікті жерлерінің тартымдылық пен қанағаттану деңгейімен танысу үшін қала туристеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 200-ден астам турист қатысты. Олардың көпшілігі Ресей, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Украина, Польша азаматтары. Бір қызығы, қала қонақтарының арасында континенталды тұрғындардан басқа әлемнің алыс түкпірлерінен - ​​Жаңа Зеландия, Мексика және АҚШ-тан келген қонақтар да бар.

Нұр-Сұлтан жас қала болғандықтан жылдан жылға жас саяхатшыларды көбірек тартады – сұралған туристердің жартысынан көбісі 30-ға толмаған жастар, ал 1/3 - 40 жасқа дейінгі қонақтар.

Туристер қаладан алған әсерлері мен елорданың көрнекті орындары туралы ойларымен бөлісті. Туристер арасында ең жоғары бағаға ие болған – Бәйтерек монументі. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі Бәйтерек қаланың басты символы бола тұра 2019 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық 628 мың туристті тартты.
Екінші орында - Әзірет Сұлтан, Нұр Астана мешіттері. Елордалық қонақтар ғажайып мешіттеріміздің ерекше сәулетіне таң қалады.

Үздік үштікке Нұр Әлем болашақ энергиясы мұражайы (ЭКСПО) кірді. Қонақтар осы ғимараттың заманауилығын, бірегейлігін атап өтеді. Сондай-ақ Нұр Әлем мұражайы астанадағы ең көп суретке түсірілетін ғимарат болып шықты.

Аталған жерлерден басқа жоғары бағаланатын көрнекті орындар қатарына Нұр Жол бульвары, Ұлттық музей, Астана Опера театры, Қазақ елі монументі және Хан Шатыр кірді.

Сауалнаманы Бәйтерек монументі мен Халықаралық әуежайда орналасқан туристік ақпараттық киоскілер жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, туристік ақпараттық киоскілерде қала қонақтары кез-келген уақытта елорда туралы барлық қажетті ақпаратпен қоса қала картасын, жол сілтемесін және т.б. ала алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109