3772

Red Bus экскурсиялық автобусы жаңа бағыт бойынша жүреді

Астана Конвеншн Бюро компаниясы әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында айтылған мәслихат депутаттарының ұсынымдарына сәйкес бағытты өзгертті.

Енді екі қабаттан тұратын Red Bus автобусындағы шолу экскурсиясының жаңартылған бағыты қаланың оң жағалауының көрікті жерлерін қамтиды.

Жаңа маршруттың ұзындығы 30 км-ден асады. Автобус қатынайтын көрікті орындар қатарына:
1. Есіл өзенінің жағалауы
2. Астана концерт залы
3. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы
4. екі ұлы қазақ хандарына арналған Керей мен Жәнібек ескерткіші
5. Елбасының жұмыс резиденциясы
6. "Жер ана" ескерткіші
7. "Арыс" көпірі сынды жерлер жатады.

Ескі бағыт пункттері:

- Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығы
- "Мәңгілік Ел" қақпасы
- "Нұр-Әлем" Болашақ энергиясы мұражайы
- ҚР Ұлттық музейі
- Астана Бәйтерек Монументі
- "Ailand" отбасылық демалыс орталығы

Еске сала кетейік, экскурсия Red Bus автобусында Hop-On Hop-Off принципі бойынша өткізіледі. Әрбір автобус 8 тілдегі (қазақ, ағылшын, орыс, қытай, неміс, түрік, испан, француз) аудиогидпен жабдықталған.

Құны:
Ересектерге - 3 000 теңге
Балаларға, студенттер мен зейнеткерлерге - 2 000 теңге
5 жастан кіші балаларға-тегін

Экскурсия автобусы туралы толық ақпаратты redbus.kz -тен табуға болады

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109