7160

Елордада «Кәсіпкерлерге кеңес беру» акциясы жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдары мен ұйымдары бірлесіп, елорданың халқы көп шоғырланған орындарда «Кәсіпкерлерге кеңес беру» ашық есік күнін өткізіп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аталған шарада кәсіпкерлер мен келушілер салық заңнамасы, тіл және жарнама туралы заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау және өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерін сақтау және тағы да басқа сұрақтар бойынша кеңес алады.
Жоспар бойынша «Кәсіпкерлерге кеңес беру» акциясы жылдың соңына дейін елорданың 24 сауда объектісінде өткізіледі. Алдағы консультациялық көмек беру шарасы 17 наурыз күні «Солтүстік» сауда үйінде ұйымдастырылады.
Шараның басты мақсаты Нұр-Сұлтан қаласындағы іскерлік ахуалды жақсартып, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін арттыру екендігін айта кеткен жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109