2941

Дэвис Кубогі-2020: Қазақстан құрамасы ақтық кезеңге шықты

Нұр-Сұлтанда Дэвис Кубогіның финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігі бойынша қазақстандық және нидерландтық теннисшілердің арасындағы төрт матчтан тұратын тартыс аяқталды. Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, ақтық мәреге жолдаманы ұтып алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасындағы алғашқы ойын күні 1:1 есебімен аяқталған еді. Ал екінші матчта Таллон Грикспурмен кездесуінде екі сетте де Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жеңіске жетті.
Екінші күннің бірінші матчында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жетістікке жетсе, келесі матчта Александр Бублик Робин Хааседен 7:6 (7:4), 6:1 (1 сағат 18 минут) есебімен басым түсті.
«Өз мінберімізде жеңісті жұлып алып, әлемнің басты теннис турниріне жолдама алу, осыдан барып үздік дебютпен шығу – арманымыз еді. Өз үйімізде ешкімге есе бермейтінімізді тағы бір мәрте дәлелдей түстік. Еліміздің аренасында жетінші матчты жеңіспен аяқтап отырмыз», - деді Қазақстан құрамасы капитаны Юрий Щукин.
Еске салсақ, 12 наурызда Мадридте Әлемдік лиганың жеребесі өткізіледі. Ол жеребеде Қазақстан құрамасы топ бойынша өз қарсыласын білетін болады. Ал жарыстың өзі 23-29 қарашада Мадридтегі «La Caja Magica» стадионында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109