3627

Мереке күндері астаналық арулар тегін кәсіби фототүсірілімге қатысты

Халықаралық әйелдер күніне орай қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, гиперреалист-мүсінші Айдос Есмағамбетпен бірлесіп, сауда орталықтарында нәзік жандарға кәсіби фототүсірілім ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның мақсаты – қала тұрғындарының көңілін көтеріп, қуанышты сәттерді фото арқылы жеткізу. Камера объективіне кездейсоқ түскен елордалықтар да ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
«Мереке қарсаңында өзіміз фотосессия жасауды жоспарлап жүрген едік. Бүгін қыздарыммен көңіл көтеріп, қаланы аралауға шыққанбыз. Осындай жобаны жүзеге асырып жүрген ұйымдастырушыларға көп рахмет. Мейрамға қарсы қыздарымның тағы бір арманы орындалды», - деді көпбалалы ана Жаннұр Амантай.
Жобаны жүзеге асырушылардың бірі – қылқалам шебері Айдос Есмағамбет. Мадам Тюссо музейінен шабыт алған мүсінші болашақта елімізде силиконнан жасалған мүсіндер музейін ашуды армандайды. Айдостың шеберханасында АҚШ-тың 44-президенті Барак Обама, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, боксшы Геннадий Головкиннің мүсіндері бар.
«Рухани жаңғыру» кеңсесі алдағы уақытта «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен түрлі шараларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Сондай-ақ кеңсенің оқу орталығында жоба жеңімпаздарымен кездесулер де ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109