4776

Нұр-Сұлтанда инженерлік желілерді, жер учаскелері мен ғимараттарды цифрландырады - қала әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде елорда әкімі Алтай Көлгіновтың басшылығымен инженерлік желілер мен ғимараттарды цифрландыру, қаланың 3D моделін және инвестициялық картаны құру мәселелері талқыланды. Цифрлық жобаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізуге Astana Innovations АҚ кірісті.

"Мемлекет басшылығы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен автоматтандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Инженерлік желілерді цифрландыру бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Айталық, 3D және BIM технологиялары арқылы инженерлік желілерге түсетін жүктемені көруге болады. Сандық жобаларды жүзеге асыру қаланың сандық бас жоспарындағы қала құрылысы процестерін көруге, болжауға және модельдеуге мүмкіндік береді. Аудандардағы мектеп, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету қажеттілігін көруге болады. ", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар жер телімдері цифрландырылады. Бұл бос жер учаскелері, жер учаскелерін тиімді пайдалану, мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскелері бойынша база құруға мүмкіндік береді.

Бас жоспардың кеңістіктегі үш өлшемді макетін құру қаланың және жеке объектілердің 3D-голограммасын көруге, табиғи және техногендік жағдайларды және қала инфрақұрылымының мінез-құлқын модельдеуге (кәріздің жарылуы, апаттар, дауыл және басқалар), қалалық құрылыс тығыздығын жобалауға мүмкіндік береді.
Қаланы цифрландыру нәтижесінде пайда болатын инвестициялық карта арқылы кәсіпкерлер аудандардағы дәріхана, дүкен, нотариус сынды нысандармен қамтамасыз ету қажеттілігін көре алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109