5764

Елордалық балаларға арналған тегін жолақы жайында нені білген жөн?

28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында тұратын және оқитын 7-18 жас аралығындағы балалар көлік картасы арқылы қалалық, экспресс және қала маңындағы бағдарларда тегін жүре алады. Енгізілген жеңілдікті пайдалану шарттарын CTS баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Балалар үшін жол жүру тегін болғанымен, олар валидацияны міндетті түрде жасауы керек. Бұл шара бағдарлық жүйені құруға, оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сол ретте көлік қызметі ата-аналардан балаларға валидацияның қажеттілігін түсіндіруді сұрайды.
Сондай-ақ 7 жасқа толмаған балаларға атаулы көлік картасын алудың қажеті жоқ. Оқушыда көлік картасы болған жағдайда, жаңасын қайта шығару керек емес.
Көлік әмиянында ақша қаражаты қалған оқушылар 28 маусымға дейін оны қайтара алады. «Айлық жол жүру» тарифін пайдаланатын оқушыларға қаражат қайтарылмайтындығын айта кеткен жөн.
«Оқушының көлік әмиянында ақша қаражаты қалған жағдайда, оны қайтаруға болады. «Айлық жол жүру» тарифі кері қайтаруға жатпайды. Қаражат орталық кассада (Қошқарбаев көшесі, 50/1) қайтарылады. Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады», - делінген хабарламада.
16 жасқа толмаған баланың атаулы көлік картасын ата-анасы орталық кассадан алуы тиіс. Ал 16 жасқа толған жасөспірімдер өздері алады. Касса дүйсенбі-сенбі күндері сағат 9:00-18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Жексенбі күні – демалыс.
Картаны ашу үшін келесі құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігі/жеке куәлігі (16 жастан асқан балалар үшін), оқу орнынан анықтама және 3х4 фотосурет. Картаны шығару/қайта шығару құны – 400 теңге.
Егер баланың көлік картасы болмаса немесе оны үйде ұмытып қеткен болса, басқа құжаттар жарамсыз болып табылады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 «Автомобиль көлiгi туралы» заңына сәйкес жолаушы электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға міндетті. Бұл жағдайда жол жүру ақысы қолма-қол ақшамен 15 жасқа дейін - 90 теңге, 15 жастан кейін - 180 теңге төленеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109