3840

Электрондық еңбек биржасында 5 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Елорданың жұмыспен қамту орталығы «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталы арқылы бос жұмыс орындарын толықтыру, ізденушілерге жұмыс орнын қарастыру бойынша жұмыс берушілермен бірлесе қызмет етеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Электрондық еңбек биржасы жұмысқа орналастыру үдерісін жеңілдету үшін жұмыс істейді, онда ізденуші онлайн тіркеліп, өз түйіндемесін орналастыра алады. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні www.enbek.kz порталында 5 491 бос жұмыс орны орналастырылды, оның ішінде 443 бос жұмыс орны икемді кестелі.
Жұмыс берушілер арасында www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында дәрігер, жүргізуші, инженер, тәрбиеші, кассир, медбике секілді мамандықтар сұранысқа ие. Ал ізденушілер арасында күзетші, заңгер, үнемдеуші, есепші, іс-жүргізуші мамандықтары жиі қаралады.
Жұмыспен қамту орталығына жүгіну үшін жұмыс іздеуші тұлға ЭЦҚ арқылы тіркеуден өтуі қажет. Өтініш білдіргеннен кейін, азаматтың қолданыстағы бағдарламалар, жұмысқа орналастыру нұсқамалары немесе кәсіптік білім алу туралы тегін кеңес алуға мүмкіндігі бар.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша «Өркен» ІО орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109