4730

Елорда әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді. Кездесуге ірі сауда желілері мен базар өкілдері қатысты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.

"Бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз: тұрақтандыру қоры құрылды, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. "Айналым схемасы" жобасына "Magnum", "Астықжан", "Кенмарт", "Small", "Шапағат", "Евразия", "Артем", "Биг Шанхай" сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды. Көтерме сауда, делдалдар, кәсіпкерлер және т.б. тарапынан "азық-түлік себетіне" жататын тауарлармен алыпсатарлық болмауы тиіс. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бағаны тұрақтандыру мәселесі мемлекет басшылығының бақылауында", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев дүрлігуге себеп жоқ екенін,азық - түлік жеткілікті мөлшерде барын атап өтті.

Сондай-ақ, елорда әкімдігі әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру мәселесін қарастырды: тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың наубайханаларына қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы "Аспан базар" сауда үйінде басталды, жәрмеңке әр сенбі мен жексенбі күндері сәуір айына дейін өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109