3751

Нұр-Сұлтандағы «Столичный-2» проблемалық кешені тамыз айында тапсырылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі проблемалық үйлердің құрылысын, үлескерлер мәселесін жіті қадағалауда ұстайды. Бұл орайда елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев «Столичный-2» проблемалық тұрғын үй кешені құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, инженерлік желілер жалпы көлемде 80%-ға орындалды. Бүгін екінші мұнараға жылу торабы орнатылады, яғни батареялар, радиаторлар бәрі қойылды. Наурыз айының соңына дейін сыртқы жұмыстарын аяқтаймыз. Сәуір айында декоративті сылауды бастаймыз және сол айдың соңына дейін сыртын бояймыз. Шыны пакеттер мен витраждар сатып алынды, сыртқы бөлігін шынылау басталды. Тапсыру мерзімі – 2020 жылдың тамыз айы. Бірақ біз алғашқы кезекті ертерек тапсыруды жоспарлап отырмыз. Екінші кезек бойынша құрылыс келесі айда жоспарлануда. Бұл бөлігі 2021 жылдың екінші тоқсанында тапсырылады», – деді «Meridian story LTD» ЖШС Бас директоры Роман Шалуткин.

Алтынбек Қайсағалиев аталған тұрғын үй кешенінің проблемалары туралы айтып, тамыз айында кешен тапсырылатынын мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімдігі проблемалық үйлердің құрылысын аяқтау бойынша жұмыс жүргізуде. Алданған үлескерлердің мәселелерін шешу тұрақты бақылауда. Күн сайын біз барлық проблемалық нысандарды аралап шығамыз. Бүгін біз «Столичный-2» ТК құрылысына бардық. 8 жыл бойы тұрғындар өз пәтерлерін күтумен жүр. Бұл тұрғын үй кешенінде бірнеше проблема бар. Біріншісі – бұл үйде 190 пәтер, ал үлескерлерге 230 пәтер сатылыпты, яғни үлескерлер саны пәтер санынан артық. Екіншісі – екі, үш мәрте сатылған баспаналар. Бүгінде мемлекет осы проблемалық нысандарды шешумен айналысып жатыр. 2019 жылы 10 үй пайдалануға берілді, биыл тағы 20 үй пайдалануға беріледі. «Столичный-2» кешені – біз жазда аяқтауды жоспарлап отырған нысандардың бірі. Қаржыландыру бар, мердігер бар, инженерлік коммуникациялар бойынша барлық мәселелер шешілді. Тамыз айына дейін аталмыш нысанды тапсыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

«Феникс – Столичный» тұрғын үй-құрылыс кооперативі (ТҚК) төрағасы Жанар Дүйсенова әкімдік пен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

«Біздің тұрғын үй кешенінің жұмысы 2012 жылы басталған. Алайда алаяқ құрылысшылардың кесірінен соңына дейін жетпеді. 2015 жылы әкімдіктің ұсынысымен біз ТҚК құрып, ведомствоаралық комиссияның ұсынған алгоритмі бойынша үйді аяқтауға болатын мүмкіндік табылды. Қазіргі көрсеткішіміз – бұл барлық атқарушы органдармен күнделікті атқарған еңбегіміздің нәтижесі. Біз толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына ендік», – деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109