4845

Ата-аналарға ақылы еңбек демалысы беріледі - мемлекеттік еңбек инспекторы

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ысмағұлов толық емес уақыт режимінде жұмыс істеу жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына әсер етпейтіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Толық емес жұмыс жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта және келісімдерде белгіленген еңбек өтіліне және басқа да еңбек құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды», - деді мемлекеттік еңбек инспекторы.

Сонымен қатар, ол ақылы еңбек демалысы балалармен қалуға мәжбүр ата-аналардың біріне берілетіндігін айтты.

 «Еңбек кодексіне сәйкес кезекті еңбек демалысы демалыс кестесіне сай немесе қажет болған жағдайда кестеден тыс тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.  Осыған байланысты, жұмыс беруші балаларымен бірге қалуға мәжбүр болған ата-аналардың біріне ақылы еңбек демалысын береді», - деді Ерлан Ысмағұлов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109