3664

Елорданың Мемлекеттік кірістер департаменті қызметтерді онлайн түрде алуға шақырады

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекетте төтенше жағдай кезеңінде салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылардың келуіне шектеу қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Төтенше жағдай режимі қолданылған кезеңде КБ хабарламаларын ұсыну (талап қою мерзімі аяқталатын кезеңдерді қоспағанда), хабарламаларды қолма-қол тапсыру, салық салу мәселелері бойынша әр түрлі комиссиялардың отырысы, КБ хабарламаларының орындалмауына байланысты әкімшілік жауапкершілік жөніндегі материалдарды қарау, тексерулерге бастамашылық жасау, ҚР Салық кодексінде белгіленген мерзімде салық есептілігі нысандарын ұсынбағаны үшін салық төлеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту, әкімшінің қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу, БКМ модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар уақытша тоқтатылды.
Сондай-ақ 2019 жылға арналған салықтық есептілікті (100.00, 110.00, 150.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 860.00, 870.00, 871.00, 920.00) тапсыру мерзімі 30 күнтізбелік күнге (30 сәуірге дейін) ұзартылды.
Электрондық қызмет туралы ақпаратты 1414 нөмірі, МКД сайттарында орналасқан жауапты тұлғалардың телефон нөмірлеріне хабарласып білуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109