2754

#Bizbirgemiz: Танымал аспаз азаматтарға тегін шеберлік сабағын өткізеді

#Bizbirgemiz акциясы республика көлемінде қолдау табуда. Акцияға Қазақстандағы үздік 10 аспаздың бірі Индира Жақыпова да қосылды. Аспаз Наурыз мейрамы қарсаңында халық арасында кең таралған ас мәзірлері мен түрлі тағамдарды жасаудың қыр-сырларын қыз-келіншектерге тегін үйрететін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Республикадағы төтенше жағдайдың жариялануына және екі үлкен қалада карантин енгізілуіне байланысты, аспаз өз оқырмандары үшін тегін онлайн шеберлік сабақтарын өткізеді. Индира Жақыпова халық арасында кең таралған түрлі тағамдарды дайындау құпияларымен бөлісуге әзір.

Бас аспаз Қазақстан халқын бірлікке шақыра отырып, қазақстандықтарға пайдалы болатын дағдылар мен біліммен бөлісу үшін түрлі саладағы мамандарға челленджді жолдады.
«Құрметті, қазақстандықтар! Еліміздегі қазіргі қиын жағдайға байланысты барлығымызға тірлігіміз бен бірлігіміздің бір екенін көрсететін уақыт келгенін айтқым келеді. Республика көлемінде жарияланған төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы карантинге байланысты өзімнің барлық шеберлік сабақтарымды тегін өткізуге шешім қабылдадым. Үздік тағамдар мен ас мәзірлерінің рецептерін онлайн сабақтарымда бөлісетін боламын. Барлық әріптестерім мен достарымды, спортшылар мен мұғалімдерді #Бізбіргеміз челленджіне қатысуға шақырамын», - деді ол.

Аспаздың айтуынша, тамақ әзірлеу курстары онлайн режимде күніге кешкі уақытта @astana_povar Instagram парақшасында өтеді.
Айта кетсек, ел үшін қиын кезеңде көптеген қоғам қайраткерлері, мәденет саласының өкілдері, спортшылар мен блогерлер қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, тегін онлайн курстар, әндер мен мотивациялық посттарды жариялап жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109