1967

“Ереже қатаң сақталып,тәртіп бұзылмауы тиіс"- А.Көлгінов қалаға кіріп-шығуға салынған тыйым туралы

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық блокпосттарының жұмысын тексерді. Елордада 6 блокпост орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. Осы елді-мекендердің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Бұл елді-мекендер карантиндік аймақтың шекарасына енгізілді. Қалған тұрғындарға қалаға кіріп-шығуға 22 наурыз сағат 00-ден бастап тыйым салынады.

"Қалада карантин жарияланды. Барлық қабылданған шаралар бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отып. Көптеген адамдар жағдайға түсіністікпен қарайды, бұл қуантарлық жайт. Ереже қатаң сақталып,тәртіп бұзылмауы тиіс
Демек, блокпостарда қатаң ережелер бар. "Жасыл дәліз" азық-түлікпен қамтамасыз ететін көліктер үшін ұйымдастырылды. Блокпостарда бақылау аймақтары мен қызмет көрсету пункттері орнатылған, барлық учаскелерде әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері еңбектеніп жатыр. Санитарлық шаралар күшейтілді", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын.
Азаматтарды — үйден қажетсіз шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109