2851

#Бізбіргеміз: Елордада қиын жағдайға түскен азаматтарға тегін психологиялық көмек көрсетіледі

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілуіне байланысты елордалық қоғам белсенділері #Бізбіргеміз челленджін қолдап, жұртшылыққа тегін шеберлік сабақтарын, курстар мен концерттік бағдарламаларды өткізіп келеді. "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық қоры да қалыс қалмай, астаналықтарға онлайн түрде тегін психологиялық көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қор басшысы, Қазақстан Психологтар лигасының мүшесі Лимана Қойшиева қиын кезеңде халықты бірлікке шақырып, Наурыз мерекесін үйде тойлауға үгіттеді.

"Жаһандық пандемияға қатысты бірлесуге шақырамыз. Бұл вирус әлемнің 155 елінде жайылды. Өкінішке қарай, бізді де айналып өтпеді. Қазір барша адамзат алдында үлкен сынақ тұр. Азаматтығымыз бен Адамдығымыз сынға түскен шақ. Бұл жағдайды бас пайдасына пайдаланғысы келетіндер де аз емес. Дегенмен, бұл пайда көздеп, шоу жасайтын уақыт емес. ⠀
Өз қауіпсіздігіміз үшін мамандардың ұсыныстарына құлақ асып, сақтық шараларын барынша ұстанғанымыз абзал. Ата-аналарымыз бен балаларымыздың денсаулығы үшін, басымыздың амандығы үшін мерекені өз шаңырағымызда тойлағанымыз абзал. Салғырттық танытпай, сабырлы болайық", - дейді ол.

Өз кезегінде "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық қоры қиын жағдайға түскен азаматтарға тегін психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

"Рухани қоғам әлемі қоғамдық қоры да қазіргі жағдайға бей-жай қарап отырған жоқ. Өз тарапымыздан онлайн түрде психологиялық көмекті ұсынып отырмыз. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына арналған сенім телефоны да (87718881777) жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз отырған көпбалалы отбасыларға да азықпен көмек көрсету жағы да қарастырылып жатыр", - деді Лимана Қойшиева.

Сондай-ақ психолог барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, #Бізбіргеміз акциясына белсенді атсалысуға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109