2772

#Bizbirgemiz: Қайрат Баекенов коронавирусты алдын алу науқанына қатысты

Танымал әнші, "Формат" тобының негізін салушы, композитор Қайрат Баекенов қазақстандықтарды гигиена ережелерін мұқият сақтауға шақырып, қолды қалай дұрыс жуу керектігін көрсетті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

19 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирустық инфекцияға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Көптеген қазақстандық эстрада жұлдыздары, қоғам қайраткерлері, блогерлер әлеуметтік желілердегі парақшаларында азаматтарға қолдау көрсетіп, ақысыз онлайн-семинарлар мен курстарды өткізе бастады.

«Осындай әрбір қазақстандық үшін қиын кезеңде мен барлық азаматтарды қолдау көрсетуге шешім қабылдадым. Біріншіден, мен әкемін, балаларым өсіп жатыр. Сіздер секілді мені де отбасымның қауіпсіздігі, балалармен бос уақытты қалай өткізу керектігі толғандырады. Менің ойымша, күнделікті іспен үйден шықпай айналысқан жөн. Сондай-ақ тұрғындарды дүрбелеңге бой алдырмай, сабырлыққа шақырғым келеді. Карантин уақытын қызықты, танымды істермен айналысып өткізуге болады. Астаналықтар гигиена мәселесіне де басты назар аударған жөн. Қолды жиі жуып, антисептиктер қолдану керек. Сонымен қатар, Наурыз мерекесін үйде, отбасымен бірге тойлауға шақырамын. Үйде балалармен ойнау, кітап оқу, кино көру, дәмді тағам пісіру, туыстарыңыз бен достарыңызға көп уақыт бөлу секілді істермен айналысуға әбден болады», - деді Қайрат Баекенов.

Танымал әнші үйде уақытты қалай тиімді өткізуге болатындығын Instagram парақшасында көрсетті. Қайрат челленджді өнерде жүрген әріптестеріне жолдап, қазақстандықтарды дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды.

«Барлықтарыңызға денсаулық, сабырлық тілеймін, бәрі жақсы болады деп сенемін. Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын! Өнердегі әріптестерім мен барша қоғам белсенділеріне осы челленджді жолдаймын, карантин кезінде тиімді уақыт өткізу жөніндегі лайфхактармен бөлісе жүріңіздер! Менің отбасым осы челленджді Тұрсынбек Қабатов, Ерлан Дәкенов пен Досанәлі Дауылбаевқа жолдайды», - дейді Қайрат Баекенов.

Шоумен астаналықтарды челленджке қатысуға шақырып, қала тұрғындарын Наурыз мейрамын үйде қарсы алуға үгіттеді.
Науқанға қатысу үшін азаматтар үйде түскен фото, видеоларын әлеуметтік желілерге #Бізбіргеміз #Жанұямызбенбірге #бізүйдеміз хэштегімен жүктеуі тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109