2655

Елордалық полиция волонтерлермен бірге медициналық беттұмша мен антисептиктерді сатудың заңсыз жағдайларын анықтады

Рейд кезінде полицейлер мен еріктілер медициналық заттардың заңсыз сатылу фактілерін анықтады. Құқықбұзушылардан 188 медициналық бетперде және 112 антисептик тәркіленді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай мен жарияланған карантинге сай шағын және орта бизнестің қызметіне тексеріс жүргізді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлеріне 235 ерікті көмек көрсетеді, олар бақылау бекеттеріндегі, рейд кезіндегі жұмыстарға тартылған.

«Елордада карантин режимі жарияланғанда волонтерлер полицейлерге көмекке келді. Олардың әрқайсысы азаматтық ұстанымын көрсетіп, бізбен бірге жұмыс жасауды өзінің міндеті деп санайды. Біз олардың ұсыныстарын қуана қабылдадық. Біз бірлесіп коронавирустың таралуына қарсы тұра аламыз. Болашақта еріктілермен бірлескен жұмыс тәжірибесін қолдана аламыз деп үміттенеміз», - деді елорданың бас полицейі Ержан Сәденов.

Тексеріс барысында елдегі төтенше жағдайға қарамастан, қаладағы бірқатар ұйымдардың штаттық режимде жұмыс істегені белгілі болды.

Мәселен, «Тұлпар» сауда орталығында автожуу, «Тапчан-7» кафесі, «Донер Микс» қоғамдық тамақтану пункті, «Жігер» бильярд клубы және басқа да ұйымдар жұмысын жалғастырған.

Режимді бұзған меншік иелері, шағын және орта бизнес субъектілеріне әкімшілік хаттамалар жасалды. Аталған заң бұзушылықтар туралы материалдарды елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бейнеконференция режимінде қарастырғанын атап өткен жөн. Барлық мекеме иелеріне 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар рейд кезінде учаскелік полиция инспекторлары еріктілермен бірге медициналық беттұмшалар мен антисептиктерді сатудың заңсыз жағдайларын анықтады. Құқық бұзушылардан 188 бетперде және 112 дана антисептиктер тәркіленді. Сатушыларға әкімшілік хаттама жасалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109