3638

Мегаполис: 29 күндік тыныштық

Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланды, ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізілді. Барлық эпидемияға қарсы шаралар Наурыз мейрамына тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан, ел тарихында алғаш рет Ұлыстың ұлы күні жаңа форматта тойлануда: астаналықтарға вирустың таралуын мейлінше азайту үшін үйде отырып, жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алуға кеңес берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

22 наурыз сағат 00.00-ден бастап елордаға кіру және шығу жолдары толығымен жабылды. Қалада кәсіпкерлердің карантин режимін сақтауын тексеру мақсатында рейдтер өткізілуде. Әлеуметтік нысандарда, азық-түлік дүкендерінде, қонақ үйлер мен сауда орталықтарында санитарлық нормалар күшейтілді.

Елордамен көлік байланысы үзілгенімен, астаналықтар коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты рухани оқшауланды деп айтуға келмейді. Азаматтар бір-бірін моральдық және қаржылық жағынан қолдауға, мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге тырысып жатыр.

Халық арасында үлкен танымалдылыққа ие # Бізбіргеміз челленджін Қазақстан халқы үшін рухани бірлік пен ынтымақтастықтың керемет үлгісі деуге болады. «Біз біргеміз» ұранымен қоғам қайраткерлері, қазақстандық эстрада жұлдыздары, танымал спортшылар, әншілер мен тұрғындар әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды сабырлыққа шақырып, балалармен көбірек уақыт өткізуді үгіттеп, тегін шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр.

Қазақстандықтар бір-бірін шыдамды болуға шақырып, көтеріңкі көңіл күйді қамтамасыз ететін істермен айналуса үгіттеуде.

«Біз азаматтарды үйден себепсіз шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз», «Үйді таза ұстаңыз, қолыңызды жиі сабынмен жуыңыз, дезинфекциялық құралдарды қолданыңыз, бетперде киіңіз», «Қазақстандықтар, барлық шаралар денсаулық қауіпсіздігіне бағытталған!»,«Наурыз мейрамын үйде тойла!» деп ел тұрғындары әлеуметтік желілерде посттар жариялап жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109