4711

Нұр-Сұлтан қаласында карантин кезіндегі талаптар күшейтілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету шараларын күшейту туралы айтты.

"Құрметті қала тұрғындары! Бүгін, 22 наурыз сағат 00.00-ден бастап қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Қалада өткізу-бақылау бекеттері орнатылды. Азық – түлік пен қажетті тауарларды тасымалдауға еш кедергі жоқ. Халықаралық әуежайға ұшып келген барлық авижолаушылар медициналық тексеруден өтеді, тест өткеннен кейін ғана қалаға кіре алады. Олардың үй карантинінде болуы шарт. Санитарлық нормалар күшейтілді. Қала бойынша дезинфекция жүріп жатыр. Бұл шаралар сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін қабылданды. Біз біргеміз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елордаға келген жолаушылар қала әкімдігінің енгізген шараларының маңыздылығын атап өтті. "Бізді коронавирусқа тексеріп жатқаны қуантады. Сараптамадан өтіп қана біз өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы үшін сенімді боламыз. Әкімдіктің азаматтарды қай елден келгеніне қарамастан барлығын тексеріп жатқаны дұрыс болды"

Жаңа ереже енгізілген сәттен бастап медициналық қызметкерлер 10 рейсті жұмысқа алды, бұл 900 адам.

Қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109