2895

Елорда әкімдігі: Нұр-Сұлтан қаласына қосымша 300 мыңнан астам маска әкелінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 23 наурыз күні астанаға қосымша 300 мыңнан астам медициналық маска әкелінді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  тапсырмасымен Тұңғыш Президенті қоры Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына медициналық маска жіберілді.

Қала әкімдігі "СҚ-Фармация" компаниясымен бірлесе маска мен антисептиктерді жеткізу бойынша мәселені дистрибьюторлармен  ұзақ мерзімді негізде жолға қойды.

Құны 56 теңгеге бекітілген маскаларды келесі мекен-жайлардағы дәріханалардан алуға болады: "Хан Шатыр","Азия парк" СОО, "Мәскеу" БО, "Хайвилл","Нұрсая","13 магистраль","7Я"," Лазурный квартал", "Променад Экспо" ТК, "Аружан" СОО, "Экспо Плаза" ТК, "Триумфальная арка"ТК, Бараева, Сармат-1, Достар-3, Империал, Иманбаева 8, "7 континент" ТК, "Визит" ТК, "Қайнар" БО, Тұран 55, Магнум (Алаш ш 23/1) және т.б.

Өткен аптада қала дәріханаларына 450 мың медициналық маска жеткізілген болатын. Естеріңізге сала кетейік, дәріханаларда бір адамға 5 маскадан артық берілмейді.

Медицина, полиция, әлеуметтік және қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандардың қызметкерлері медициналық маскамен, антисептиктермен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109