1202

Нұр-Сұлтан қаласында су тасқынына қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатыр

Елордада су тасқынына қарсы сақтық шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзен арнасын қайта жаңарту, су реттегіш бөгет салу, арықтарды, нөсер суына арналған жүйелерді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Желілердің 92% - ы тазартылды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы іс-шараларды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов су реттегіш бөгет салу, өзен арнасын кеңейту, үйінді бөгет салу, дамбаны биіктету жұмыстарының барысын тексерді.

"Су реттегішке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Тиісті өтінім экология министрлігімен бірге жіберілді. Бұл реттегіштің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде қаланы және шеткері аймақтарды су тасқынынан қорғайтын су реттегіштің жұмыс тәртібі бекітілді. Майбалық көлінің арнасын қардан тазартып жатырмыз. Ұзындығы — 5 км 700м. Майбалық көлінен "Нұра-Есіл" каналына дейінгі арнаның өткізу қабілетін арттырамыз. Бұл шаралардың барлығы өзен суының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов елді-мекендерге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Ильинка елді-мекенінде дамбаны биіктету бойынша жұмыстар атқарылса, Өндіріс елді-мекенінде өзен арнасын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көктал-1 елді-мекенінде уақытша жер үйінділері салынды.

Өзенді қайта құру келесі жылдары суды кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда қала аумағынан 6 млн 385 мың текше метр қар шығарылды. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, былтыр үш жарым есеге кем қар шығарылды. Қыс мезгіліндегі қар нормасы 99 мм, қар нормадан екі есе артық түсті.

"Қазгидромет" РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидт атап өткендей, егер қараша және желтоқсан айларында жауған қар мөлшері нормадан екі есе жоғары болса, қаңтар және ақпан айларында жауған қардың мөлшері үш есе артық болған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109