2586

Елордадағы карантин: Астаналықтар дәрігерлерді қолдап, ду қол шапалақ соқты

COVID-19 коронавирусының таралуын алдын алу мақсатында карантинде қалған елорда тұрғындары дәрігерлерге ерекше алғыс білдірді. Астаналықтар терезелерін ашып, ақ халатты жандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Акция медициналық қызметкерлерді қолдау және олардың жұмысының маңыздылығын көрсетуге бағытталды. Елордалықтар дәрігерлерге өз қолдауын үйден шықпай осылай білдіріп жатыр», - дейді волонтерлер штабының мүшелері.

«Біздің бастамамызды барлық тұрғындар қолдайды деп ойлаймын. Осылайша барлығымыз карантин кезінде тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс білдіріп, қолдау көрсетеміз деген үміттенеміз», - деді көпқабатты үй тұрғындарының бірі.

Волонтерлер жылы шеңберіндегі маңызды бағыттардың бірі «Саулық» медициналық еріктілігін дамыту болып табылады.  Жыл басынан бері «Саулық» еріктілері тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне кеңес беріп, медициналық көмек көрсетіп келеді.

Сондай-ақ карантин кезінде қалалық волонтерлер штабы «Нұр Отан» партиясы және  «Жас Отан» жастар қанатымен бірге мұқтаж жандарға қажетті заттар мен гигиена құралдарды таратты.  Жалпы алғанда, шара барысында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5000-ға жуық отбасы қажетті заттармен қамтылады.

Сонымен қатар волонтерлер Ішкі істер департаментімен бірлесіп карантин режимі ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында қоғамдық орындарда рейдтер өткізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109