10102

Азық-түлік тасымалдайтын кәсіпкерлерге Нұр-Сұлтан қаласына кіріп-шығу үшін қандай құжаттар керек?

Азық-түлік тасымалдайтын кәсіпкерлер қалаға кіріп-шыққысы келетін азаматтарда өздерімен бірге жеке санитарлық қорғаныс құралдары болуы тиіс, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қазақстан астанасының аумағына кіру(шығу) өткізу-тексеру бекеттері арқылы келесі құжаттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады: алып жүрушінің жеке куәлігі мен төлқұжаты, тауардың (азық-түлік, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек пен темекі өнімдері) тауар-көліктік жүкқұжаты. Сонымен қатар, кіретін (шығатын) тұлғалардың өздерімен бірге жеке санитарлық қорғаныс құралдары болуы тиіс: санитайзер мен гигиена құралдары (қосымша маска мен резеңке қолғап); қосымша жеке санитарлық қорғаныс құралдары (маска, халат, резеңке қолғап).

Оған қоса, Жадынамада көрсетілгендей, қала аумағына тауар жеткізу келесі мерзімге дейін жүзеге асырылуы керек: құрылыс материалдары мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар түнгі уақытта сағат 22:00 мен таңғы 05:00-ке дейін; азық-түлік тауарлары, темекі бұйымдары мен дәрі-дәрмек өнімдері- тәулік бойы.
Бұдан бөлек, астанаға ұзақ мерзімге келген көлік құралдары есепке алынады.

Жүк көліктеріне штабтың келісімінсіз жүріп-тұруға рұқсат берілмейді.
Қала аумағына көлік құралдарын өткізуге арналған өтінім үлгісі төменде көрсетілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109