2090

Нұр-Сұлтан қаласында 800-ден астам мұқтаж отбасыға маска мен антисептиктер таратылды

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Волонтерлер штабы коронавирус инфекциясын алдын-алу және аса қажетті тауарлармен қамтамасыз ету бойынша тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жанаусыз гигиеналық құралдарды (медициналық маска, антисептик құралдары) үздіксіз тарату жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
19 наурыздан бастап бүгінге дейін 800-ден астам отбасыға көмек көрсетілді. Карантин режимі кезінде шамамен 5000 отбасыға көмек көрсету жоспарланған. Азық-түлік себетін тарату азық-түлік себеті тізіміне енетін ең қажетті тауарларды теңдей үлеспен бөлуден басталады. Бұдан соң әр себет бірдей дайындалып, кейін әр мекен-жайға жеткізу үшін көлікке тиеледі. Волонтерлер азық-түлік себеттерін түгелдей таратуды өз мойындарына алады.
Естеріңізге салсақ, Nur Otan партиясының төрағасы-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы көмекке мұқтаж аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, жалғызбасты қарттарға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлінген болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109