2011

Блокбекетті айналып өтпек болған үш астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин режимін бұзушыларды анықтау мақсатында қала аумағына кіріп-шығу мүмкіндігін пысықтау үшін жедел іздестіру шараларын өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
22 наурыз 17:30-да Қарағанды бағытындағы далалық жолда Renault Logan маркалы автокөлігімен блокбекеттен жолаушыны 50 мың теңгеге айналып алып өтпек болған Нұр-Сұлтан қаласының 30 жасар тұрғыны ұсталды. Ереже бұзған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, сотқа жіберілді. Оның автокөлігі мамандандырылған арнайы коммуналды автотұраққа қойылды. Сонымен қатар, сол күні екі ер адам Нұр-Сұлтан-Қостанай тасжолы жанындағы ауыл арасы жолын пайдалана отырып, әрқайсы жекелей жаяу карантин аймағы шегарасын кесіп өтпек болған. Тәртіп бұзғандардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, 15 тәулікке қамауға алынды.
Қазіргі уақытта төтенше жағдай кезінде елорда территориясында орналасқан блокбекеттерден айналып өту мүкіндіктерін анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Полиция басқармасы төтенше жағдай жарияланған кезеңде Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу ауыр қадамға жататынын ескертеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109