9743

Алтай Көлгінов: «Қалыпты өмірдің кепілі – темірдей тәртіп»

«Құрметті елорда тұрғындары! Корнавирус пандемиясы әлем бойынша жылдам таралып келеді. Осыларды ескере отырып, біздің елде де қатаң шаралар қабылданды.

Біріншіден, біз өзге елдердің тәжірибелерін қарадық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауырған бір адам кемінде 2-3 адамға жұқтыратынын мәлімдеді. Ал 5-6 күннің ішінде ауырған бір адам 3,5 мың адамның дертті болуына себеп болады.

Еуропа қалалары бірінен кейін бірі карантинге жабылып жатыр. Олардың кейбіреулері шешімді тым кеш қабылдағанын көріп отырсыздар.

Ал вирус алғаш тіркелген Қытай, күресті темірдей тәртіптің негізінде жүргізді. Қытай, Оңтүстік Корея елдері азаматтарды оқшаулаудың қатаң әдісін қолданды. Мекемелер, кәсіпорындар, қоғамдық көліктер жұмыстарын тоқтатты. Олар күндеп емес, айлап үйлерінен шықпады. Тек осындай тәртіп қана медицина қызметкерлеріне үлкен көмек болды және оң нәтиже берді.

Біздің елімізде де іс-шаралар дер кезінде қолға алынып, Төтенше жағдай жарияланды. 22 наурыздан бері елордаға кіруге де, шығуға да тыйым салынды. Бұның бәрі сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданған шешім.  

Екіншіден, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, бұл індетті жасы үлкен, созылмалы дерттері бар азаматтар көтере алмай жатыр. Сондықтан біз қазыналы қарияларымыздың амандығын ойлауымыз қажет. Әсіресе жасы үлкен азаматтарымыздың сыртқа шықпауын өтінеміз. Сабыр түбі сары алтын. Қиын кезеңде өздеріңіз үшін төзімділік танытыңыздар. Басқа жол жоқ.

Осы күндері байқағанымыз жағдайды көпшілік түсініп отыр, рахмет айтамыз. Бірақ әлі осы қауіпті терең сезінбеген азаматтар да бар. Дәл қазір туысыңыз бен жақыныңызға шын жанашыр болсаңыз, олардың амандығын тілесеңіз, онда өз үйіңізде отыруыңыз керек.

Үшіншіден, қала маңындағы карантинге кірмейтін елді мекен тұрғындары елордаға келуді қоя тұру қажет. Біз жұмыс берушілерге қызметкерлерінің амандығы үшін, жұмысты тоқтатуды және жұмыс орындарының сақталуы қажеттігін айттық.

Төртіншіден, тәртіп мәселесі. Тәртіпке бағынған құл болмайды дейді. Мұндай кезеңде заңбұзушылықтарға жол берілмейді. Кез келген заңсыздық қатаң жауапқа тартылады.    

Бесіншіден, бүгін Мемлекет басшысы экономиканы, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік аз қамтылған топтарды қолдауға, жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар қабылдады. Бизнес өкілдері өз кезегінде жұмыс орындарын қысқартпаулары қажет.

Елбасының Үндеуінен кейін ел азаматтары үлгі болып арнайы қорға ақша аударып жатыр. Осы Үндеуге сәйкес, біз Нұр Отан партиясымен бірге бірінші кезекте көмекке мұқтаж азаматтарға көмектесуді бастап кеттік.  

Карантин мен коронавирусқа қатысты сұрақтарыңыз болса 109 номеріне хабарласуыңызға болады. Ол жерде қосымша телефон орталығын аштық. Карантин ерте аяқталсын десек, тәртіпке бағынып, жауапкершілікті терең сезінуіміз керек.

Біз бұл қиындықты бірге еңсереміз. Біз біргеміз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109