3057

Танымал жаттықтырушы астана тұрғындарына тегін онлайн-дәріс өткізеді

Карантин енгізілуіне байланысты астаналық тұрғындардың көпшілігі аспаздық, тігін, би және спорт жаттығуларына арналған онлайн-дәрістерге көп ден қоя бастаған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстандағы Street Workout мектебінің негізін қалаушы әлеуметтік желі арқылы төзімділік пен жылдамдықты арттырып, бұлшық еттерді жаттықтыруға арналған онлайн-дәріс өткізеді.
Street Workout бойынша әлемнің және ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Айтым Жакупов "Біз біргеміз" акциясы аясында елорда тұрғындарына тегін спорттық онлайн-дәріс ұйымдастыратынын айтты.
"Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамын. Осы челленджді еліміздің барлық спортшыларына жолдаймын. Біз бірге үлкен күшпіз. Біз біргеміз",- деді Айтым Жакупов.
Спортшының айтуынша, спорттық онлайн-дәрістер оның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында (@aitymzhakupov) апта сайын өткізілетін болады.
Індетпен күресіп жатқан осынау қиын-қыстау уақытта танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, танымал спортшылар мен блоггерлер барша отандастарымызды қолдап онлайн-дәрістер өткізуде, көңілге медеу беретін жылы лебіздерін жолдап, ән жазып, әлеуметтік желілерде жазбаларын арнауда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109