3018

Елордалық коммуналдық қызметі карантин кезінде жұмысын тоқтатпайды

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметі қоғамдық көлік аялдамаларын, жол жиектерін, көшелер мен аулаларды күртік қардан тазалап, үздіксіз көлік байланысын қамтамасыз ету үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Коммуналдық қызметтің барлық жұмысшылары қала тіршілігі жүйесінің толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Күнделікті қар тазалау мен тазалық шараларына 1400 бірлік техника мен 1600 адам жұмылдырылған. Осы күнге дейін 6 млн. 500 мың шаршы м.қар шығарылды",- деп атап өтті Астана Тазалық" мамандары.

Карантин енгізілген сәттен бастап, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қоғамдық жерлер мен көшелер, аула іші мен жаяу жүргіншілер жолын тазалау қадағалануда.

Қала сыртында тұратын жұмысшылар кедергісіз жұмыстарына қатынауда. Олар төлқұжаттық және медициналық бақылаудан өткеннен кейін ғана істеріне кіріседі. Сондай-ақ, жұмысшылар маска, қолғап және басқа да қорғаныс құралдарымен тегіс қамтылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109