1681

Нұр-Сұлтанда 1040-қа жуық кәсіпкер жалға алуға төленетін төлемнен босатылады

Нұр-Сұлтандағы шағын және орта бизнес субъектілері коммуналдық меншіктен жалға алу бойынша төлем төлеуден босатылды.

Қазақстан Президенті  Үкіметке, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субьектілеріне 2020 жылдың 20 наурызынан бастап шағын және орта бизнес субьектілері үшін оларға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандары бойынша жалға беру төлемдерін үш ай мерзімге тоқтату туралы тапсырма берді.

"Мемлекет басшысының 2020 жылдың 19 наурызынан бастап жалға беру төлемдерін тоқтата тұру жөніндегі шараларын қабылдау Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беру бойынша шарт жасалған 340 шағын және орта бизнесті төлемнен босатады», - деп атап өтті елорда әкімдігінде.

Оған қоса, қазіргі уақытта "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы бойынша "Astana" СПК" АҚ  590 шарт бекіткен. Сондай-ақ, ТЖ кезінде "1000 орын- көше саудасы" бағдарламасы аясында 275 азық-түлік өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс сату нысандары жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, "Astana"СПК"АҚ-на сенімді басқаруға берілген тұрғын емес үй-жайлар бойынша 110 жалға беру шарты жасалған. (табыстың 20 пайызы көлемінде қалалық бюджетке түсім жасалады).

Осылайша, Мемлекет басшысының экономикалық ахуалды тұрақтандыру бойынша тапсырмасын орындау аясында шағын және орта бизнесті қолдау үшін 1040-қа жуық қала кәсіркерлері 148 млн. теңгені құрайтын жалға беру төлемдерінен 3 айлық мерзімге босатылады.

Сондай-ақ, Елорда әкімдігі ведомствоға қарасты АҚ, ЖШС, ШЖҚ МҚК ұйымдар 2019 жылдың қорытындысы бойынша  таза табысының 100% көлемін жергілікті бюджетке аудару туралы қаулы қабылдады.

"Алдын-ала алынған ақпаратқа сәйкес, 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 500 млн теңге аударым жасалады",- деп есептелген қала әкімдігінде.

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялар өткен жылғы таза табысының 100 пайызы көлемінде мемлекетке дивиденд төлеуі тиіс деп атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109