3432

Елордалық медицина мамандары қала тұрғындарына бейнеүндеу жолдады

Коронавирус инфекциясымен бетпе-бет келіп, тәулік бойы күресіп жатқан медицина қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бейнеүндеуде тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелер тұрғындарға қазір қиын-қыстау кезеңді бастап өткеріп жатқанын айтып, тұрғындарды денсаулықтарына сақтықпен қарап, үйде болуға шақырды.

«Қазір маңызды кезеңдердің бірі. Бұл жаттығу емес. Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз маңызды. Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Бізге көмектесіңіздер. Үйде болыңыздар», - деді инфекционист дәрігер бейнежолдауда.
Астаналық медицина мамандарының пайымынша, вирусты жоюда дәрігерлердің ғана емес, азаматтардың да жауапкершілігі маңызды.

Нұр-Сұлтан қаласында 22 наурыз сағат 00.00-ден бастап қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды. Қалада өткізу-бақылау бекеттері орнатылған. Күнделікті өмірге қажетті азық – түлік пен қажетті тауарларды кедергісіз тасымалдауға рұқсат берілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109