1055

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қарт адамдарға дәрі-дәрмектер мен медициналық қорғаныс құралдарын үйге жеткізіп жатыр

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген егде жастағы адамдарға 25 наурыздан бастап дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдары үйге жеткізеле бастады.  Өтінімді iKomek 109 нөмірі бойынша, сондай-ақ iKomek 109 мобильді қосымшасы, Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot), Smart Astana, aitu.city порталы арқылы қалдыруға болады.

Өтінімде тұрғынның аты-жөні, ЖСН, мекен-жайы, байланыс нөмірі, дәрілердің тізімі, қалалық емхананың нөмірі және дәрігердің деректері көрсетілуі тиіс.

"Бұл індетті жасы үлкен, созылмалы дерттері бар азаматтар көтере алмай жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысында дәрі-дәрмектерді үйге жеткізуге шешім қабылдадық. Қарт адамдар үйден шықпай, өз денсаулығына жіті көңіл бөлулері маңызды. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға кепілді әлеуметтік пакетті үйге жеткізетін боламыз. Бізге еріктілер көмектеседі. Барлық қызметкерлер қауіпсіздік шараларын сақтайды, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қажетсіз үйден шықпау керек", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қала әкімдігі "Фармация" СҚ - мен бірлесіп дәріханаларға маскалар мен антисептиктерді әкелу бойынша  жұмыстар жүргізіп жатыр. Бір апта ішінде 650 мыңнан астам маска әкелінді. Қалаға қосымша маскалар мен медициналық қорғаныс құралдары әкелінеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109