6626

Карантин салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгертіледі

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабтың шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді. Қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады.

Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады. Ол Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы Ақмол, Қабанбай батыр, Р. Қошқарбаев, Максимовка, Воздвиженка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка және Шұбар (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 и 318) ауылдарына автобустар тоқтатылды.

Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

Бүгінгі күнге автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау 98%-ды құрайды. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлем түрлеріне өтуге кеңес беріледі. Барлық тарифтік жоспарларды және көліктік карталарды біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген.

Карантиндік шаралар қатаңдатылған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабымен қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселе көтерілуі мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109