3709

Нұр-Сұлтанда көше дезинфекциясы бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін дезинфекциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біріншіден, қала көшелері, тротуарлар, аялдамалар және басқа да қоғамдық орындар күнделікті негізде арнайы ерітінділермен дезинфекциядан өтіп жатыр. Дезинфекциялау іс-шараларын өткізуге қалалық қызметтерден басқа қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды. Қолданылып жатқан ерітінді адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз. Қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күнделікті 450 адам қатысады.

Екіншіден, әуежайда, вокзалдарда, әлеуметтік нысандарда, базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында және басқа да адам көп жиналатын жерлерде дезинфекциялау шаралары күшейтілді. Санитарлық тәртіп күшейтілді. Жұмыс орындары мен ғимараттарда мұқият өңдеу жүргізіліп жатыр. Барлық қызметкерлер медициналық маскалармен, антисептиктермен және басқа да медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.

Үшіншіден, 2 мыңнан астам тұрғын үй дезинфекциядан өтуі қажет. Пәтер иелері кооперативтері мен қызмет көрсетуші компаниялар үй кіреберістерін, есіктерді, лифттерді, сүйеніштерді, терезе жақтауларын және т. б. дезинфекциялауға міндетті.

Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр. Жедел штаб жұмыс істейді. Қала тұрғындары тәртіпті сақтап, қажетсіз үйден шықпауы, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109