2716

Астаналық зейнеткерлер дәрі-дәрмекті үйге жеткізу қызметін жоғары бағалады

Диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтарға 25 наурыздан бастап қажетті дәрі-дәрмек өнімдері үйлеріне жеткізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігерлердің айтуынша, таратылған дәрілік өнімдердің басым бөлігі қант диабеті, артериялық қан қысымы мен ишемиялық жүрек ауруларына арналған. Дәрі-дәрмектерді астаналық медицина мамандары мен волонтерлер жеткізуде.

«Біз бүгін дәрі-дәрмекті қажет ететін пациенттерге дәрілік препараттарды тарататын боламыз. Бізге елордалық вонтерлер мен медбикелер көмектеседі. Бұл шара олардың емхана келмей, үйден көмек алуына мүмкіндік жасау. Біздің емханада 6 мың адам егде жастағы азаматтар. Карантин кезінде пациенттің дер кезінде дәріні алуы өзекті мәселе боп саналады», - деді №10 емханасының терапия бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Бекенова.

Қоғамдық орындарға бару қауіпті саналған уақытта қажетті дәрі-дәрмек көлемін үйге жеткізу қызметін іске қосқаны үшін елордалық зейнеткерлер қала әкімдігіне алғыстарын білдірді.

Дәрі-дәрмекті үйге алу үшін егде жастаға азаматтар өтінім жолдауы қажет. Өтінімде тұрғынның аты-жөні, ЖСН, мекен-жайы, байланыс нөмірі, дәрілердің тізімі, қалалық емхананың нөмірі мен дәрігердің деректері көрсетілуі тиіс. Өтінімді келесі тетіктер арқылы жолдауға болады:  iKomek орталығының 109 нөмірі бойынша; iKomek орталығының 109 мобильді қосымшасы арқылы; Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot) арқылы; Smart Astana, aitu.city порталы арқылы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109