1726

Карантин енгізілуіне байланысты iQala қалалық қызмет көрсету орталығы онлайн режимге көшті

Орталық кеңседе азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Барлық 129 Iqala қызметі цифрландырылған және www.iqala.kz сайтында қол жетімді. Кез-келген адам онлайн-кеңестерді қалқымалы терезе арқылы, сондай-ақ 109 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ала алады», - деп хабарлады https://t.me/MBekturova телеграм каналында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Бектұрова.

Қала әкімнің орынбасары барлық қызмет түрлері жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді деп атап өтті.

Қызметтер тізімі порталдың басты бетіне орналастырылған. Кез-келген қызмет түрін онлайн режимде алу үшін электронды цирфлық қолтаңба арқылы жеке кабинетте авторизациядан өту қажет. Ары қарай 129 қызмет түрінің кез-келгеніне өтінім бере аласыз.

"IQala" қалалық қызмет көрсету орталығы астана тұрғындарына тұрғын үй - коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді. «iQala» негізгі міндеттері: технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша бастамаларды ұсыну; кәсіпкерлікті дамытуды және әлеуметтік интеграцияны ынталандыратын жүйелерді біріктіру; автоматтандыру және қызмет сапасын арттыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109