2322

Елордалық полиция қызметкерлері дауысзорайтқыш арқылы карантин режимі кезіндегі сақтық шаралары туралы тұрғындарға ескертуде.

Мәлім болғандай, ішкі істер органдарының қызметкерлері елімізге енгізілген төтенше жағдай және қаланы карантинге жабу кезінде ерекше тәртіпте қызмет атқарады. Қоғамдық тәртіпті және стратегиялық объектілерді күзету күшейтілді, полиция жасақтарының саны ұлғайтылды.

Сонымен қатар, көшелерді патрульдеу үзіліссіз жүзеге асырылуда. Полицияның автокөліктері дауысзорайтқышпен жабдықталуына байланысты тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға шешім қабылданды.

«Құрметті елордамыздың тұрғындары!

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекция бойынша енгізілген карантинге байланысты барлық тұрғындар келесі шектеулерді сақтауы қажет:

  • Ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шықпау;
  • Адамдар көп жиналатын жерлерде - банктер, дәріханалар, сауда нысандары, денсаулық сақтау нысандары, қоғамдық көлікте бетперде кию ұсынылады;
  • Түшкіргенде немесе жөтелгенде мұрын мен ауызды бір рет қолданылатын майлықпен тұмшалау;
  • Дереу қолды сабынмен жуу немесе спирттік негізде антисептикпен өңдеу;
  • Қоғамдық орындарда кемінде 1,5-2 метр қашықтықты сақтап отыру;
  • Қол алыспау»

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласында карантин жарияланды. Елордадан көлік қатынасының келуі және шығуы тоқтатылды. Карантин аумағына кіру және шығу жабық. Азаматтарды ретсіз және аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Қолды таза ұстап, сабынмен жиі жуыңыздар. Дезинфекциялық құралдарды пайдаланып, маска тағып жүріңіздер. Барлық қабылданған шаралар қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған»-делінген аудиожазбада.

Патрульдеу бағыттары барлық учаскелерді қамти алатындай етіп құрылды. Полиция қызметкерлері барлық тұрғын орамдарға кіреді, сондай-ақ адамдар жаппай жиналған орындарға тоқтайды.

«Біздің басты мақсатымыз – сақтық шаралары туралы мүмкіндігінше көптеген адамдарды ескерту. Қауіпті вирустың таралуынан сақтану үшін біздің қаламыз бірінші рет карантинге жабылғандықтан қазіргі кезде түсіндірме жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Патрульдеу кезінде дауысзорайтқышты пайдалану арқылы тұрғындарға ережелер мен шектеулерді сақтау қажеттігін жеткізсек,  олар сақтық шараларының өте маңызды екендігіне назар аударады деп сенеміз» - деді Ержан Саденов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109