2777

#Birgemiz:Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлері қала тұрғындарына 30 мың маска таратады

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының Қалалық волонтерлер штабы #Birgemiz қозғалысы аясында медициналық маска тарату бойынша әлеуметтік акция өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Волонтерлер медициналық масканы қала тұрғындарына әр адамға 5 данадан таратты. Отандық өнім саналатын медициналық қорғаныс құралдары шетелдік баламаларынан еш кем емес, деді  Mega farm өндіруші компаниясының өкілдері.

Акция аясында қала тұрғындарына 30 мың маска таратылады. Аталмыш медициналық қорғаныс құралдарын Magnum сауда желісі дүкендерінен, сондай-ақ сауда орындары мен түрлі супермаркеттерден алуға болады.

«Ең бастысы – азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі. Сондықтан тұрғындарды карантин тәртібін сақтап, сақ болуға, қажетсіз үйден шықпауға шақырамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық волонтерлер штабында 200 ерікті бар. 27 наурыз күні еріктілер акцияны жалғастырып, медициналық масканы қоғамдық көліктерде таратпақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109