2049

Балалар ата-аналарымен бірге Абайдың 175-жылдығына арналған челленджге қатыса алады

Ең көп лүпіл жинаған видео Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының ресми парақшасына жарияланады, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы биыл 175 жылдық мерейтойы тойланғалы отырған қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының жырларын жатқа оқудан #абайдыоқытаңырқа челленджін жариялады.

«Құрметті, ата-аналар! Елімізде төтенше жағдайлар орын алғаны баршаға белгілі. Дегенмен, еңсемізді түсірмей, Елордамыздың бүлдүршіндерін жаңа дүниені білмекке шақырамыз. Оқу-білім қашан да көкірек көзін ашатын рухани азық болып қала бермек», - делінген Білім басқармасының мәліметінде.

Челленджге қатысу үшін ата-аналар балаларымен бірге Абай өлеңдеріне бір минуттық видео түсіріп, аты-жөнін жазып және #ABAI175JYL #ABAI175LET хештегімен @modernastana  инстаграмм парақшасына жүктеуі тиіс. 

Челлендж сәуір айының 15-іне дейін жалғасын табады.

Ең көп лүпіл жинаған видео Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының ресми парақшасына жарияланады. 

Нұр-Сұлтан қаласында 19 наурыздан бері карантин енгізілуіне байланысты, мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері демалысқа жіберілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109