2737

Нұр-Сұлтан қаласында ТЖ режимін бұзғаны үшін 159 адам жауапкершілікке тартылды

Төтенше жағдай тәртібін бұзған азаматтарға 3,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 35 адам қамауға алынды, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап, 26 наурыз сағат 11:00-дегі жағдайға сүйенсек, астаналық құқыққорғау органдарымен 159 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін 39 адам (медициналық маска мен антисетиктерді сатқан), төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін 119 адам және құқықтық тәртіпті бұзуға арандатқаны үшін 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы.
Қаралған материалдар нәтижесінде жалпы сомасы 3 883 715 теңге көлемінде 124 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, сот арқылы заңсыз сатылған 2 234,7 литр антисептик, 17 946 дана медициналық маска тәркіленді.
Карантин талаптарын бұзу және адамдар көп жиналатын нысандардың заңсыз жұмыс істеуі деректері бойынша 74 адам жауапкершіліке тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109