2369

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Азаматтардың өзіне және жақындарына деген жауапкершілігін күшейту қажет

Басқарма басшысы Сәуле Кисикова карантин кезінде аса қажет болған жағдайда ғана үйден шығу керектігін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

26 наурыз 18:00-дегі жағдайға сәйкес, астаналық клиникаларға 1156 адам жатқызылған. Оның 80-і балалар. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 61 адам тіркелді, деп мәлімдеді бүгін қалалық брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова.

"Коронавирус инфекциясы анықталып, Нұр-Сұлтан қаласында стационарлық ем алып жатқан 61 науқастың төртеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Тыныс жеткіліксіздігі пневмониясы бары анықталды. Емдеу шаралары коронавирус инфекциясын емдеу диагностикасының хаттамасына сәйкес қолданылады. Қалған науқастардың шағымдары жоқ, жағдайлары қанағаттанарлық, дене қызулары бірқалыпты",  - деді С. Кисикова.

Ол төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына ұшып келген барлық азаматтарды оқшаулау туралы шешім қабылданғанын еске салды. Наурыздың 22-25-і аралығында келген барлық 18 рейстегі 1483 жолаушы оқшауланды.

" Барлығына биоматериалдан талдау алу арқылы зертханалық зерттеу жүргізілді. Үш жолаушыдан коронавирус анықталды. Оларға ем тағайындалып, ауруханаға жатқызу бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, жақын байланыста болған адамдармен жұмыс жасалды. Осыған байланысты адамдардың өзіне және жақындарына деген жауапкершілігін күшейту қажет. Аса қажет болмаса үйден шықпаңыздар. Мысалға, азық-түлік, дәрі-дәрмек алу үшін, оның өзінде күн сайын емес",- деп атап өтті Кисикова.

Басқарма басшысы жұқтыру қаупі жоғары топтағы азаматтар міндетті түрде үйде болу керектігін баса айтты.

"Жұқтыру қаупі жоғары топтағы азаматтарға кімдер жатады? Бірінші кезекте, қарттар мен кез-келген жастағы созылмалы ауыр дерті бар адамдар. Естеріңізге салайын, жеке гигиенаны сақтау аса қажет. Осынау қысылтаяң кезеңде медициналық ұйымдарға баруды талап ететін барлық медициналық жоспарлы тексерулерді кейінге шегеруге кеңес береміз.Тек созылмалы дерті асқынып, денсаулық мәселесі ушыққан жағдайда ғана жедел медициналық көмекке жүгінулеріңізді немесе емханаға бармай қашықтықтан медициналық қызмет алуларыңызды сұраймыз. Егер бірге тұрған жақын адамыңыз емханаға жатқызылса, отбасының әр мүшесі медициналық мекемеде карантиндік оқшаулауға алынатынына дайын болыңыз. Бұл тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін өте қажет шара",  - деп сақтыққа шақырды Сәуле Кисикова.

Естеріңізге салсақ, COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты 19 наурыздан бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында пандемияға қарсы қосымша шектеу, алдын алу шаралары енгізілді. Аталмыш шараларға карантин жариялау, карантин аумағына адамдар мен көліктердің кіріп-шығуына тосқауыл қою, арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және т.б. шаралар кіреді.

16 наурыздан бастап Қазақстанда ресми түрде түрде төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15-ші сәуіріне дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109