1722

Елордадағы №1 автобус паркі карантинге жабылды

Мониторинг барысында №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды. Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автопарк карантинге жабылды. Автопарк пен автобустар дезинфекциядан өтті. Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, ал қалғандары үй карантинінде.

2020 жылдың 27 наурызынан бастап елордада жолаушыларға автобустың алдыңғы есігі арқылы кіруге тыйым салынды. Жүргізушілер отыратын жер арнайы лентамен қоршалды. Қолма - қол ақша төлеуге болмайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер ғана қабылданады. (Бүгінгі таңда қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 98% - ды құрайды).

26 наурыздан бастап автобустар кешкі сағат 19.00-ге дейін ғана жүреді.

28 наурыздан бастап карантиндік аймақта орналасқан барлық қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Олар Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин, "Нұрлы" саяжай кенттері (№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап, бірқатар қосымша қатаң шаралар бекітілді:

1. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
2. Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
3. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
4. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);
5. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109