1805

Астаналық мейрамхана коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерді тегін тамақтандырды

Millionaire мейрамханасы Urpaq-VIP қауіпсіздік агенттігімен бірлесе және Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен коронавирус жұқтырған және вирусты жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған азаматтарды емдеп жатқан медицина қызметкерлеріне түскі ас жеткізу бойынша қайырымдылық акциясын өткізді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Төтенше жағдай кезінде дәрігерлер мен медбикелер, санитарлық мамандар өте жауапты әрі маңызды міндетті атқарып жатқандықтан, біз де өз үлесімізді қосу үшін №3 көпбейінді қалалық балалару ауруханасы, жаңа тубдиспансер мен бұрынғы «Рамада плаза» қонақ үйіндегі 230 дәрігер мен басқа да медицина қызметкерлеріне түскі ас жетіздік. Бұл акцияны бұдан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Millionaire мейрамханасының бас директоры Әсет Қимашев.

Естеріңізге салсақ, COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты 19 наурыздан бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында пандемияға қарсы қосымша шектеу, алдын алу шаралары енгізілді.

Аталмыш шараларға карантин жариялау, карантин аумағына адамдар мен көліктердің кіріп-шығуына тосқауыл қою, арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және т.б. шаралар кіреді.

16 наурыздан бастап Қазақстанда ресми түрде түрде төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15-ші сәуіріне дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109